Жол ережесін 200 рет бұзған: Ақтөбеде екі джипке 7,2 млн теңге айыппұл салынды

© SputnikТуман накрыл южную столицу
Туман накрыл южную столицу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Жазылу
Біреуі 6 айда 94 рет ереже бұзып, сол үшін оған 3 млн 250 мың теңгеге айыппұл салынды
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Ақтөбе қаласында жол ережесін 200 рет бұзған екі джип анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, екі көлік те транзиттік нөмірлермен жол ережесін бұзған. Бүгінде көлік жүргізушілерінің көбісі заманауи бейнебақылау камералары шетелдік нөмірі бар көлікпен жасалған ереже бұзу әрекеті тіркелмейді деп ойлайды.
"Бұл - қате түсінік. Бейнебақылау камералары мен "Автоураган-МС" жылжымалы кешендері іс жүзінде шетелдік нөмірлері бар автокөліктер жасаған бұзушылықтарды да тіркейді", - дейді полицейлер.
Ақтөбеде ұсталған екі Lexus жол ережесін 200 рет бұзған. Біреуі 6 айда 94 рет, сол үшін 3 млн 250 мың теңгеге айыппұл салынды. Ал екіншісі жыл басынан бері 126 бұзушылық үшін 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл арқалады. Екі көлік құралы да айыппұл тұрағына қойылды.
Ремень безопасности  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Қауіпсіздік белдігін тақпаған: Павлодарда 647 жүргізушіге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0