сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауы: тағы бір партияның кандидаттары тіркелді

© Photo : Пресс-служба акима АстаныҚұрылтай сайлауы: тағы бір партияның кандидаттары тіркелді
Құрылтай сайлауы: тағы бір партияның кандидаттары тіркелді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
Партиялық тізімдегі 14 кандидат әйел, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы тағы бір партия ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін комиссия мүшелері Respublica-ның партиялық тізімдерін тіркеуге алған болатын. Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кандидаттары да тіркелді. Барлық 33 адамға тиісті куәліктер таратылды.
"Партиялық тізімде 14 кандидат әйел, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады, бұл жалпы жиынтық бойынша 30 пайыздан асады. Заңда белгіленген квота талаптары сақталған. Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттарға қатысты тиісті тексеру жүргізді", - дейді комиссия мүшесі Михаил Бортник.
Айтуынша, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Қазақстан Конституциясының және "ҚР сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді деп танылған.
Айта кетері, 2023 жылғы сайлауда ЖСДП 5 проценттік межеден асып, мәжіліске төрт депутатпен кірген болатын. Осыған байланысты Құрылтай сайлауында жарна төлеуден босатылып отыр. Сайлау жарнасын екі партия ғана төлейді.
Құрылтай депутаттығына кімдер таласады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай депутаттығына кімдер таласады
Жаңалықтар
0