https://sputnik.kz/20260716/almatyda-qazaqstandagy-algashqy-gidrozhinaqtaushy-elektr-stantsiyasy--salynady-64969807.html
Алматыда Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы салынады
Алматыда Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы салынады
Sputnik Қазақстан
Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны Қарғалы өзенінде салу жоспарланған 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T16:26+0500
2026-07-16T16:26+0500
2026-07-16T16:29+0500
алматы
электр желісі
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64969862_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_4f055a83c56abafb01921891ae827788.jpg
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы Алматыда салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдауында айтты, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімді құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі.Сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.Мемлекет басшысы елде біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы айтылып, энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.
https://sputnik.kz/20260716/qytay-qazaqstan-ekonomikasyna-30-mlrd-dollardan-astam-investitsiya-saldy--toqaev-64955899.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64969862_16:0:1217:901_1920x0_80_0_0_2c3bb25d8e5378fffa10a105a6bb5bb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, электр желісі
Алматыда Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы салынады
16:26 16.07.2026 (жаңартылды: 16:29 16.07.2026) Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны Қарғалы өзенінде салу жоспарланған
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы Алматыда салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдауында айтты, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімді құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі.
"Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр", - дейді Ақорда.
Сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Мемлекет басшысы елде біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.
"Тоқаев Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы айтылып, энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.