Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТаразда соғыс ардагері 100 жасқа толды
Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Жазылу
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының үш ардагері тұрады
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Геннадий Ивановтың 100 жасқа толды.
Майдангерді мерейтойымен құттықтауға әскерилер, қарияның туған-туыстары, жақындары мен достары жиналды. Геннадий Иванович қонақтарды өзі қарсы алып, игі тілектер үшін ризашылығын білдірді.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТаразда соғыс ардагері 100 жасқа толды
В Таразе ветерана войны Геннадия Иванова поздравили со 100-летним юбилеем - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды
Қарияның майдан жолы 17 жасында басталған. Ол соғыс жылдарында Берлинге дейін жетіп, Жеңістен кейін де әскери қызметін жалғастырған.
"Ардагер келген қонақтарға ерекше ілтипат пен жылы лебіздері үшін шын жүректен алғыс айтты. Әскери қызметшілермен жүздесу өзіне әрқашан ерекше сезім ұялататынын, өйткені әскери бауырластық оның өмірінің мәңгілік ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті", - дейді Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаТаразда соғыс ардагері 100 жасқа толды
В Таразе ветерана войны Геннадия Иванова поздравили со 100-летним юбилеем - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Таразда соғыс ардагері 100 жасқа толды
Іс-шара барысында Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың атынан жолданған құттықтау хат оқылды. Әскерилер майдангерге ерен ерлігі, Отан алдындағы көпжылдық мінсіз қызметі мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетері, бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының үш ардагері тұрады.
Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2026
Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
0