https://sputnik.kz/20260509/astanada-zhalgyz-sogys-ardageri-rzagul-baykeshevke-qurmet-korsetildi--63293512.html
Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді
Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Майдангердің құрметіне оркестрмен ән шырқалды 09.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-09T16:48+0500
2026-05-09T16:48+0500
2026-05-09T19:50+0500
астана
соғыс ардагері
жеңіске тағзым
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07ea/05/09/63295325_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_3462948780eecf4a2ee1f0bdb23fa001.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанада соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Майдангерді Жеңіс күнімен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен оқушылар құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты іс-шарада Рзағұл Байкешевке президент атынан алғыс хат табысталды. Іс-шара барысында Астана қаласы Мәдениет басқармасының үрмелі оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Майдан тақырыбына арналған танымал музыкалық шығармалар орындалып, ардагерге ерекше әсер сыйлады. Ең әсерлі сәттердің бірі ардагердің мектеп оқушыларымен кездесуі болды. Оқушылар ардагерге арнап өлең оқып, жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Іс-шара соңында ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.
https://sputnik.kz/20260509/astanada-panfilovtyn-eskertkishine-gul-shoqtary-qoyyldy-63293582.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/09/63295325_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_d0953dce5f1ad6c5e24771ccf8f461d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, соғыс ардагері, жеңіске тағзым, 9 мамыр – жеңіс күні
астана, соғыс ардагері, жеңіске тағзым, 9 мамыр – жеңіс күні
Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді
16:48 09.05.2026 (жаңартылды: 19:50 09.05.2026) Майдангердің құрметіне оркестрмен ән шырқалды
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанада соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Майдангерді Жеңіс күнімен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен оқушылар құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты іс-шарада Рзағұл Байкешевке президент атынан алғыс хат табысталды.
"Бүгін біз үшін Отан үшін ауыр жылдарды бастан өткеріп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан жанның жанында болу – үлкен мәртебе. Сіздер көрсеткен қайсарлық пен ерлік біз үшін мәңгілік өнеге. Сіздердің арқаңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, тәуелсіз елімізді дамытып келеміз", – деді Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов.
Іс-шара барысында Астана қаласы Мәдениет басқармасының үрмелі оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Майдан тақырыбына арналған танымал музыкалық шығармалар орындалып, ардагерге ерекше әсер сыйлады.
Ең әсерлі сәттердің бірі ардагердің мектеп оқушыларымен кездесуі болды. Оқушылар ардагерге арнап өлең оқып, жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Іс-шара соңында ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.