Маңғыстау облысында 8 күн бұрын суға кеткен бозбаланың мәйіті табылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспийское море
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2026
Жазылу
Ол достарымен шомылуға барып, сол күйі үйіне оралмаған
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Каспий теңізінде жасөспірімді іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 7 шілде күні болған. Осыдан 8 күн бұрын 18 жастағы бозбала достарымен шомылуға барып, сол күйі үйіне оралмаған.

"Бүгін Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жағалау сызығынан 10 метр қашықтықта судан жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды", - дейді құтқарушылар.

Кейін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
Каспий теңізінде 6 күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды
Жаңалықтар
0