Каспий теңізінде 6 күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспийское море
Каспийское море - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
Жазылу
Каспий теңізінің жағалауында оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің акваториясында 1999 жылы туған ер адамды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адам шомылуға арналмаған жерде суға түскен кезде батып кеткен. Кешке қарай Мұнайлы ауданында Каспий теңізінің жағалауында оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта ер адамның денесі табылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті, "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары, еріктілер, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, 21 маусымда теңіз жағалауындағы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 27 жастағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Ақтөбе облысында немересі мен оны құтқармақ болған атасы суға кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Ақтөбе облысында немересі мен оны құтқармақ болған атасы суға кетті
Жаңалықтар
0