https://sputnik.kz/20260715/brutsellez-qostanay-oblysynda-eki-auylga-shekteu-sharalary-engizildi-64933264.html
Бруцеллез: Қостанай облысында екі ауылға шектеу шаралары енгізілді
Бруцеллез: Қостанай облысында екі ауылға шектеу шаралары енгізілді
Sputnik Қазақстан
Жануарлар арасында бруцеллез инфекциясын азайту мақсатында сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі 15.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-15T19:10+0500
2026-07-15T19:10+0500
2026-07-15T19:10+0500
қостанай облысы
бруцеллез
шектеу
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63043212_0:0:3052:1717_1920x0_80_0_0_dbc9d2e995e67ec02960194e6b69c14f.jpg
АЛМАТЫ, 15 шілде - Sputnik. Қостанай облысында екі ауылдың малында бруцеллез анықталды. Ауылдарға шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды облыстық ветеринария басқармасы.Қазанбасы ауылының елді мекенінде бруцеллезге жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізілген. Полимеразды-тізбекті реакция әдісімен жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижесінде ауру жануарлар анықталды.Осы жағдайға қарамастан Әулиекөл ауданы бойынша динамика оң күйінде қалып отыр. Егер 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында жұқтыру пайызы 1,9% құраса, биылғы жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,8%-ға төмендеді. Халықтың денсаулығын қорғауға да ерекше көңіл бөлінуде, дейді ветеринария басқармасы. "Соңғы жылдары адамдардың сырқаттану деңгейі едәуір төмендеді. 2023 жылы 16 адам, 2024 жылы 7, 2025 жылы 6 және биылғы жартыжылдықта бруцеллезбен 2 адам ауырды", - дейді ведомство.
https://sputnik.kz/20250311/aqtobe-oblysyndagy-auylda-karantin-zhariyalandy-51508858.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63043212_121:0:2852:2048_1920x0_80_0_0_e54f04fcdc3e23e5ad13fab053f381ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, бруцеллез, шектеу
қостанай облысы, бруцеллез, шектеу
Бруцеллез: Қостанай облысында екі ауылға шектеу шаралары енгізілді
Жануарлар арасында бруцеллез инфекциясын азайту мақсатында сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі
АЛМАТЫ, 15 шілде - Sputnik. Қостанай облысында екі ауылдың малында бруцеллез анықталды. Ауылдарға шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды облыстық ветеринария басқармасы.
Қазанбасы ауылының елді мекенінде бруцеллезге жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізілген. Полимеразды-тізбекті реакция әдісімен жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижесінде ауру жануарлар анықталды.
"Қазанбасы ауылында 323 басты зерттеу барысында 23 бас анықталып, санитарлық союға тапсырылды. Диагноз полимеразды-тізбекті реакция әдісімен расталды. Қазіргі уақытта бруцеллезден сауықтыру мақсатында шектеу шараларын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сауықтыру іс-шаралары жануарлар арасында бруцеллез инфекциясын азайту мақсатында жүргізіледі", - дейді басқарма.
Осы жағдайға қарамастан Әулиекөл ауданы бойынша динамика оң күйінде қалып отыр. Егер 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында жұқтыру пайызы 1,9% құраса, биылғы жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,8%-ға төмендеді. Халықтың денсаулығын қорғауға да ерекше көңіл бөлінуде, дейді ветеринария басқармасы.
"Соңғы жылдары адамдардың сырқаттану деңгейі едәуір төмендеді. 2023 жылы 16 адам, 2024 жылы 7, 2025 жылы 6 және биылғы жартыжылдықта бруцеллезбен 2 адам ауырды", - дейді ведомство.