Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясына дайындық жүргізуді тапсырды

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясына дайындық жүргізуді тапсырды
Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясына дайындық жүргізуді тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Президент Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

"Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады", - дейді президенттің баспасөз қызметі.

Президент Халық кеңесі әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Тоқаев Халық кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындады
Жаңалықтар
0