Қайын жұртын қырып салған күйеу баланың ісі: Сәрсемалиевке сот үкімі шықты

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Оған Жангелді ауылындағы бір отбасының төрт адамын өлтірді деген айып тағылды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Сұлтан Сәрсемәлиевті бүтін бір отбасының төрт адамын қырып салғаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
© Photo : Атырау облысының полиция департаментіАтырау облысынында із-түссіз жоғалған отбасы
Атырау облысынында із-түссіз жоғалған отбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Атырау облысынында із-түссіз жоғалған отбасы
Сонымен қатар, сот оны алаяқтық, ұрлық, мал ұрлығы және құжаттарды заңсыз сақтау және жасыру бойынша кінәлі деп тапты.
Сот процесі бірнеше айға созылды.
Сот процесі барысында айыпталушы Наурыз Мұқаңғалиевті қасақана өлтіру туралы айыпты жоққа шығарған болатын. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы Наурызды өлтіргеннен кейін қылмысты жасыруды шешкен. Кейін сотталушы Наурыздың ата-анасына бірнеше пышақ жарақатын салып өлтіреді. Соңғы құрбан үйдің кенже қызы Мирамгүл болды.

"Тергеушілер кісі өлтіруден кейін Сәрсемәлиевтің марқұм отбасының мүлкін иемденгенін анықтады. Ал қылмыс жасалған кезде сотталушының бұрынғы әйелі психикалық бұзылысқа байланысты оқиғаларды түсіне алмағандығы белгілі болды", - дейді облыстық сот.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен және өзінің мойындауымен толық дәлелденген

"Ол барлық айыптаулар бойынша кінәлі деп танылды және бірнеше қылмыс жасағаны, соның ішінде аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріле отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - дейді Атырау облыстық соты.

Сот шешіміне сәйкес жәбірленушілерге 40 миллион теңге моральдық зиянды өндіріп беру және заңсыз тағайындалған немесе алынған зейнетақылар мен жәрдемақыларды мемлекет кірісіне қайтару ҚР заңнамаларына сай міндетті түрде орындалуға тиіс, делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, былтыр қарашада Жангелді ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлы із-түссіз жоғалып кеткен.

Кейін олардың денесі табылды. Күдікті - осы отбасының күйеу баласы. Ол ақпан айында бұрынғы жұбайымен Индонезияда ұсталып, елге қайтарылды.
Сот жабдығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті қайын әпкесін 32 рет пышақтаған
Жаңалықтар
0