https://sputnik.kz/20260714/qarbyzdy-qashan-zhegen-durys--vitse-ministr-kenes-berdi-64890033.html
Қарбызды қашан жеген дұрыс – вице-министр кеңес берді
Қарбызды қашан жеген дұрыс – вице-министр кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Қарбызды тұтынудың қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айы аралығы 14.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-14T14:37+0500
2026-07-14T14:37+0500
2026-07-14T14:37+0500
қарбыз
пайдалы кеңес
https://sputnik.kz/img/668/51/6685177_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_9d6a3b22ed6d4c7bee9446b97b57c21a.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарбызды тұтынуға ең қауіпсіз мерзімді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, ерте сатылымға шығатын қарбыздардың басым бөлігі жылыжайда өсіріледі немесе шетелден әкелінеді.Ол шетелден әкелінетін барлық өнім міндетті түрде фитосанитарлық бақылаудан өтетінін айтты. Алайда өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі де маңызды."Кей жағдайда өнім өсіру кезінде түрлі химиялық заттар шамадан тыс қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың қалдықтары адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді вице-министр.
https://sputnik.kz/20230624/qyzylorda-oblysynda-21-adam-qarbyzdan-ulanyp-qaldy-36305866.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/668/51/6685177_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_382d3b28c746e789d9dbee5f3ced7e5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарбыз, пайдалы кеңес
Қарбызды қашан жеген дұрыс – вице-министр кеңес берді
Қарбызды тұтынудың қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айы аралығы
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарбызды тұтынуға ең қауіпсіз мерзімді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, ерте сатылымға шығатын қарбыздардың басым бөлігі жылыжайда өсіріледі немесе шетелден әкелінеді.
"Бізде қарбызды тұтынудың қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айы аралығы. Осы уақытта қарбыз табиғи жолмен піседі, артық тыңайтқыштар мен түрлі қоспалар қолданылмайды. Сондықтан дәл қазір, әсіресе балаларға қарбыз жеуге кеңес бермейміз", – деді Сұлтанов үкіметтегі брифингте.
Ол шетелден әкелінетін барлық өнім міндетті түрде фитосанитарлық бақылаудан өтетінін айтты. Алайда өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі де маңызды.
"Кей жағдайда өнім өсіру кезінде түрлі химиялық заттар шамадан тыс қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың қалдықтары адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді вице-министр.