Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мерц Украина бойынша келіссөзді бастауға шақырды

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Ол Еуропа АҚШ-тың қолдауымен келіссөз жүргізуге дайын екенін атап өтті
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Германия канцлері Фридрих Мерц Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді бастайтын уақыт келгенін мәлімдеді.
Мерц бұл мәлімдемені Парижде өткен "Ынталы елдер коалициясының" отырысынан кейін жасады.
"Келіссөз үстеліне отыратын кез келді. Атысты тоқтату туралы келісімге келетін уақыт болды", – деді Мерц. Оның сөзін DRM News-тің YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетті.
Ол Еуропа да Еуроодақ пен АҚШ-тың қолдауымен келіссөз жүргізуге дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мерц еуропалық елдердің Мәскеуге қысымды күшейтуді жалғастыратынын да мәлімдеді.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ердоған мен Трамп Украина мәселесі бойынша ынтымақтастықты талқылады
Жаңалықтар
0