Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған мен Трамп Украина мәселесі бойынша ынтымақтастықты талқылады

© AFP 2024 / Brendan Smialowski Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп, архивтегі фото
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Жазылу
Анкараның қатысуымен бұған дейін астық және тұтқын алмасу келісімдері жасалған
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкарада өткен келіссөзде Украинадағы жағдайды және алдағы қадамдарды үйлестіру мәселесін талқылады, деп мәлімдеді Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан.
"Ердоған мен Трамп Украинадағы жағдайды және осы бағыттағы қадамдарды үйлестіру мәселесін талқылады", – деді Фидан мемлекеттік TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.
Түркия СІМ басшысының айтуынша, Украина мәселесі екі ел басшыларының келіссөзіндегі негізгі тақырыптардың бірі болған. Алайда министр кездесудің басқа да егжей-тегжейін айтпады.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан бері Түркия Мәскеумен де, Киевпен де байланысын сақтап, арағайындық жасап келеді. Анкараның қатысуымен бұған дейін астық және тұтқын алмасу келісімдері жасалған. Сонымен қатар Түркия басшылығы Ресей мен Украина арасындағы жаңа келіссөзді өткізуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді.
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский: Украина алдағы күндері АҚШ-тан Patriot зымырандарын алады
Жаңалықтар
0