Күйеуімен келіспей қашып кеткен: Түркістанда жоғалған әйел мен төрт баласы табылды
16:26 14.07.2026 (жаңартылды: 16:28 14.07.2026)

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Жоғалған әйел балаларымен таксиде келе жатқан жерінде анықталды
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны төрт баласымен із-түссіз жоғалып кеткен ана мен балалар аман-есен табылды, дейді Sputnik Қазақстан .
Анасымен төрт баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат бір апта бұрын әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Ол туралы отбасының туыстары хабарлаған. Айтуларынша, туыстары қыдырып келгенде әйелді де, төрт баласын да таппаған. Кейіннен әйелдің күйеуі жұбайының төрт баласымен бірге 7 күн бұрын үйден шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арызданған.
Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іздеуге кіріскен.

"Із-түзсіз жоғалған әйелдің қасында жастары 6,5,3 және 10 айлық төрт баласы болған. Полицейлер ауданның кіреберісі мен шығаберіс бағыттарына бақылау бекеттерін қойып, автокөліктерді тексерді. Сонымен қатар көршілес аумақтарға арнайы бағыттамалар жолданып, іздеу шаралары күшейтілді. Азаматтарды аман-есен табуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар үздіксіз жүргізілді", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті.
Жоғалған әйел балаларымен бірге таксимен келе жатқан жерінен анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Полиция мәліметінше, әйел балаларымен пәтер жалдап тығылған.
"Тексеру барысында әйелдің күйеуімен арада болған тұрмыстық келіспеушіліктен кейін ренжіп, балаларын және құжаттарын алып, Шымкент қаласына кетіп қалғаны белгілі болды. Онда ешкімге айтпастан пәтер жалдап тұрған", - дейді полиция.
Қазіргі таңда жақын туыстары шақырылып, полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Отбасы мүшелері өзара татуласып, үйлеріне аман-есен оралды.