https://sputnik.kz/20260714/atyrau-oblysy-akiminin-eks-orynbasary-turmeden-merziminen-buryn-shyqpaytyn-boldy-64883348.html
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары түрмеден мерзімінен бұрын шықпайтын болды
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары түрмеден мерзімінен бұрын шықпайтын болды
Sputnik Қазақстан
Таубаев апелляциялық шағым түсірген, алайда бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалды 14.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-14T08:23+0500
2026-07-14T08:23+0500
2026-07-14T08:23+0500
экс-әкім
атырау облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды.КТК-ның мәліметінше, Астана қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босату туралы берген ресми өтінішін қарап, оны қанағаттандырудан бас тартқан.Сот шешімімен келіспеген Таубаев апелляциялық шағым түсірген. Алайда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Осылайша бұрынғы шенеунік жазасын одан ары қарай өтей бермек.Нұрлан Таубаевтың түрмеден шығуына шамамен екі жыл қалған. Ол 2022 жылдың мамырынан бері түрмеде отыр, ал оған дейін екі жылға жуық уақыт тергеу изоляторында қамауда болды.Еске салсақ, 2020 жылы Нұрлан Таубаев пен сол кездегі Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров өңірдегі жол құрылысын жүргізген мердігер компаниядан 182 млн теңге көлемінде пара алмақ болды деген күдікпен ұсталған. 2022 жылдың мамырында сот Таубаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.
https://sputnik.kz/20260712/buryngy-vitse-ministr-erlan-qozhagapanov-bostandyqqa-shyqty-64855965.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экс-әкім, атырау облысы
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары түрмеден мерзімінен бұрын шықпайтын болды
Таубаев апелляциялық шағым түсірген, алайда бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалды
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды.
КТК-ның мәліметінше, Астана қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты экс-шенеуніктің мерзімінен бұрын босату туралы берген ресми өтінішін қарап, оны қанағаттандырудан бас тартқан.
Сот шешімімен келіспеген Таубаев апелляциялық шағым түсірген. Алайда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Осылайша бұрынғы шенеунік жазасын одан ары қарай өтей бермек.
Нұрлан Таубаевтың түрмеден шығуына шамамен екі жыл қалған. Ол 2022 жылдың мамырынан бері түрмеде отыр, ал оған дейін екі жылға жуық уақыт тергеу изоляторында қамауда болды.
Еске салсақ, 2020 жылы Нұрлан Таубаев пен сол кездегі Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров өңірдегі жол құрылысын жүргізген мердігер компаниядан 182 млн теңге көлемінде
пара алмақ болды деген күдікпен ұсталған. 2022 жылдың мамырында сот Таубаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.