https://sputnik.kz/20220517/atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-24873105.html
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
2020 жылы Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында аурухана салуға шешім шығарған 17.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-17T17:36+0500
2022-05-17T17:36+0500
2022-05-17T17:36+0500
өңірлер
атырау облысы
әкім орынбасары
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_899234e15f705d1b0bd67fba51c9ef7d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс облыстың мамандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында аурухана салуға шешім шығарған. Құрылыс жұмыстарын "БКК" ЖШС атқарды. Сол кезде Нұрлан Таубаев құрылыс саласына жауапты шенеунік ретінде фирма директорының орынбасарымен кездесіп, келісімшарт сомасының 10 проценті көлемінде пара беруді талап еткен. Артынан "келіссөздерге" Тимур Басаров қосылды. Параның көлемі 7 процент - 185 500 000 теңгеге дейін төмендетілді. Таубаев құрылыс басқармасының басшысына алып келуге бұйрық берген. Басаров 185 730 004 теңге (423 900 доллар мен 5 000 000 теңге) алған. Осы ақшаны бастығына беріп жатқан жерінен екеуі де қолға түсті. Сот Таубаевты Қылмыстық кодекстің екі бабы (24-3 пен 366-4 - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы аса ірі мөлшерде пара алуы) бойынша кінәлі деп таныды. Ал Басаров пара алуға делдалдық жасағаны үшін айыпталды. Әкімнің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталса, құрылыс басқармасының экс-басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып отыр. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің тағы бір орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамақа алған. Бірақ 22 желтоқсанда қамауға алуға санкция берілді.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_ff8570d5fc26676158a94059d9ecb264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, әкім орынбасары
атырау облысы, әкім орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты
2020 жылы Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында аурухана салуға шешім шығарған
НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының экс-басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс облыстың мамандырылған ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында аурухана салуға шешім шығарған. Құрылыс жұмыстарын "БКК" ЖШС атқарды. Сол кезде Нұрлан Таубаев құрылыс саласына жауапты шенеунік ретінде фирма директорының орынбасарымен кездесіп, келісімшарт сомасының 10 проценті көлемінде пара беруді талап еткен. Артынан "келіссөздерге" Тимур Басаров қосылды.
Параның көлемі 7 процент - 185 500 000 теңгеге дейін төмендетілді. Таубаев құрылыс басқармасының басшысына алып келуге бұйрық берген. Басаров 185 730 004 теңге (423 900 доллар мен 5 000 000 теңге) алған. Осы ақшаны бастығына беріп жатқан жерінен екеуі де қолға түсті.
"Сотталушылардың кінәсі оқиға орнын қарау хаттамаларымен, жеке тінтумен, WhatsApp-тағы хат жазысумен, бейнебақылау жазбаларымен және сараптамалардың нәтижесімен расталды. Оған қоса, Басаров өз кінәсін мойындады", – дейді сот мамандары.
Сот Таубаевты Қылмыстық кодекстің екі бабы (24-3 пен 366-4 - Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы аса ірі мөлшерде пара алуы) бойынша кінәлі деп таныды.
Ал Басаров пара алуға делдалдық жасағаны үшін айыпталды. Әкімнің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталса, құрылыс басқармасының экс-басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып отыр. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің тағы бір орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын.
Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамақа алған. Бірақ 22 желтоқсанда қамауға алуға санкция берілді.