Астанада жастар көпқабатты үйдің жертөлесінде бейресми "концерт" ұйымдастырған

© Photo : СС0 Астанада жастар көпқабатты үйдің жертөлесінде бейресми "концерт" ұйымдастырған
Астанада жастар көпқабатты үйдің жертөлесінде бейресми концерт ұйымдастырған - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2026
Жазылу
Іс-шараға жиналғандардың 28-і кәмелетке толмағандар
АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде заңсыз бейресми "концерт" ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Бір топ жастың үстінен тұрғындардан шағым түскен. Оқиға орнына келген полиция үйдің жертөлесінде "жерлеу концерті" деп аталатын рәсім өткізіліп жатқанын анықтаған. Іс-шара жергілікті атқарушы органдардың алдын ала келісімінсіз өткізілгені белгілі болды.
"Тексеру кезінде тар бөлмеде 65-ке жуық адам болған. Олардың 28-і кәмелетке толмағандар. Олар өздерінше рәсім өткізген. Қатысушылар ішінара жалаңаштанып, бір-бірін итерумен болған, осылайша қауіп төндірген. Сонымен қатар мекемеде алкоголь өнімі сатылған", - дейді полиция.
Барлық қатысушылар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін және кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпті әрекеттерді болдырмау мақсатында полицияға жеткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылып, кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер өткізілген.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Ақтауда дәмханадағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0