Ақтауда дәмханадағы жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді
АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Ақтауда дәмханаға келушілердің арасында жанжал шығып, олардың бірі бетінен жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 8 шілдеде болды.

"Олардың бірі "Аңшы сигналы" деп аталатын сигналдық құрылғыны қолданып, екінші азаматтың бет тұсына жарақат келтірген. Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді.
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Шығыс Қазақстанда жас жігітті атып кетті
Жаңалықтар
0