Шығыс Қазақстанда жас жігітті атып кетті

© Photo : Рixabay/SkitterphotoТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Жазылу
Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 21 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды обблыстық полиция департаменті.
Оқиға 8 сәуірде болған.
"Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.
Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады. Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр.
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды
Жаңалықтар
0