https://sputnik.kz/20260713/petropavlda-ayeldi-zorlamaq-bolgan-er-adam-ustaldy-64870599.html
Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T12:23+0500
2026-07-13T12:23+0500
2026-07-13T12:23+0500
солтүстік қазақстан облысы
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_0:394:5400:3432_1920x0_80_0_0_bb6e2950d57621cb3cf5495f6a15a4f4.jpg
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында саяжайдын қайтып келе жатқан әйелді белгісіз ер адам зорламақ болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Қала тұрғыны саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқан. Ол ауыл маңындағы айналма жолға жақындағанда алдынан егде жастағы ер адам шыққан. Ол әйелге сиыр іздеп жүргенін айтқан.Оқиға түс әлетінде болған. Әйел ешнәрседен қауіптенбеген. Дәл сол сәт ер адам әйелді жерге алып ұрып, тұншықтыра бастаған. Жанталасып арпалысып жатқанда әйелдің көзі жолдан өтіп бара жатқан адамға түседі. Жанұшыра көмек шақырады. Сол сәтте ер адам қолын босата қояды. Әйел осы сәтті пайдаланып, қаша жөнелген. Ол бірден жолға қарай жүгіріп, кездесе кеткен адамнан көмек сұраған.Полиция әйелге тиісті деген күдікпен 62 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алды.Қазір тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20260202/shymkentte-oqushy-qyzdy-zorlamaq-boldy-kudikti--zhasospirim-60869901.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_372:0:4948:3432_1920x0_80_0_0_c020a11302c6a7359e6b25ba2d4c687f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, зорлық-зомбылық
солтүстік қазақстан облысы, зорлық-зомбылық
Петропавлда әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында саяжайдын қайтып келе жатқан әйелді белгісіз ер адам зорламақ болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Қала тұрғыны саяжайдан велосипедпен қайтып келе жатқан. Ол ауыл маңындағы айналма жолға жақындағанда алдынан егде жастағы ер адам шыққан. Ол әйелге сиыр іздеп жүргенін айтқан.
Оқиға түс әлетінде болған. Әйел ешнәрседен қауіптенбеген. Дәл сол сәт ер адам әйелді жерге алып ұрып, тұншықтыра бастаған. Жанталасып арпалысып жатқанда әйелдің көзі жолдан өтіп бара жатқан адамға түседі. Жанұшыра көмек шақырады. Сол сәтте ер адам қолын босата қояды. Әйел осы сәтті пайдаланып, қаша жөнелген. Ол бірден жолға қарай жүгіріп, кездесе кеткен адамнан көмек сұраған.
Полиция әйелге тиісті деген күдікпен 62 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алды.
"Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері облыс орталығының 62 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Қазір тергеу жүріп жатыр.