Оқушы қызды зорламақ болды: күдікті – жасөспірім

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Жасөспірімге қатысты шағым полицияға 1 ақпанда түскен. Онда жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, заңсыз әрекеттер жасамақ болғаны айтылған.
"Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Қызбен психологтар жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, дейді полиция.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Ішкі істер министрлігі әскери қызметшінің баланы зорламақ болғанын растады
Жаңалықтар
0