Ішкі істер министрлігі әскери қызметшінің баланы зорламақ болғанын растады

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2024
Жазылу
Оқиға Астанадағы ауруханалардың бірінде болған
АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Әскери қызметшінің Астана ауруханасында баланы зорламақ болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда тарады.
Бүгін ішкі істер министрлігі фактіні растады. Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшілердің біріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Жыныстық құқық бұзушылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар жасалып жатыр, тергеу жүргізілуде", - деді Әділов.
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2019
Өңірлер
Ақтөбеде баланы зорламақ болған қарт: Түрмеден тірі шықпайтын шығармын
Жаңалықтар
0