https://sputnik.kz/20260713/nasa-basshysy-bayqonyrda-resey-zhane-qazaqstan-okilderimen-birqatar-kezdesu-otkizdi-64878039.html
NASA басшысы Байқоңырда Ресей және Қазақстан өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді
NASA басшысы Байқоңырда Ресей және Қазақстан өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді
Sputnik Қазақстан
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T19:45+0500
2026-07-13T19:45+0500
2026-07-13T19:45+0500
байқоңыр
ғарыш
жасанды интеллект
министрлік
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0d/64878547_0:0:781:440_1920x0_80_0_0_1af2ac57b2a76dbee92b974145fb115b.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағында премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекманмен келіссөз жүргізді.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.Жаслан Мәдиев NASA-мен серіктестіктің ұлттық ғылыми-технологиялық әлеует үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы диалогқа дайын екендіктерін растап, бейіндік командаларға ынтымақтастықтың практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.Сондай-ақ NASA басшысы Джаред Айзекман "Роскосмос" басшысы Дмитрий Бакановпен бірге "Союз МС-29" экипажын бекіту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына қатысты.14 шілдеде "Союз МС-29" ғарыш кемесін тасымалдайтын "Союз-2.1а" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. Бортта екі ресейлік және бір америкалық азамат бар. Айзекман ХҒС-қа бара жатқан ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысады деп болжанып отыр.
https://sputnik.kz/20260711/bayqonyrda-soyuz-ms-29-garysh-kemesin-tasymaldaytyn-zymyran-ushyru-alanyna-ornatyldy-64831543.html
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0d/64878547_0:0:781:586_1920x0_80_0_0_a72449229246b262240f407178f6bb4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байқоңыр, ғарыш, жасанды интеллект, министрлік
байқоңыр, ғарыш, жасанды интеллект, министрлік
NASA басшысы Байқоңырда Ресей және Қазақстан өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағында премьер-министрінің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекманмен келіссөз жүргізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.
"Кездесуге қатысушылар екі елдің ғылыми ұйымдары мен университеттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін, оның ішінде жоғары білікті мамандарды даярлау бағдарламаларын және ғарыш саласындағы коммерциялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды", - деп жазды Жасанды интеллект және йифрлық даму менистрлігі.
Жаслан Мәдиев NASA-мен серіктестіктің ұлттық ғылыми-технологиялық әлеует үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
"Қазақстан NASA-мен нақты нәтижелерге бағытталған ұзақ мерзімді практикалық өзара іс-қимыл орнатуға, яғни бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға мүдделі", - деді Мәдиев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы диалогқа дайын екендіктерін растап, бейіндік командаларға ынтымақтастықтың практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ NASA басшысы Джаред Айзекман "Роскосмос" басшысы Дмитрий Бакановпен бірге "Союз МС-29" экипажын бекіту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына қатысты.
14 шілдеде "Союз МС-29" ғарыш кемесін тасымалдайтын "Союз-2.1а" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. Бортта екі ресейлік және бір америкалық азамат бар. Айзекман ХҒС-қа бара жатқан ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысады деп болжанып отыр.