Көкпардағы жанжал: Жамбыл облысында оқ атқан тұрғынға үкім шықты

© AFP 2024 / KAREN BLEIERМужчина держит пистолет Colt, архивное фото
Мужчина держит пистолет Colt, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2026
Жазылу
Сотталушы кінәсін толық мойындап, мылтық кездейсоқ атылғанын айтты
АЛМАТЫ, 13 шілде - Sputnik. Жамбыл облысы Меркі ауданында "Көкпар" кезіндегі жанжал үстінде ер адам аңшылық мылтықпен оқ атқан, деп хабарлайды облыстық сот.

Биыл қаңтарында "көкпар" ұлттық ойыны кезінде Кеңес ауылының екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындап, соңы төбелеске ұласқан. Біраз уақыттан кейін олардың бірі болған оқиға туралы туысына, яғни сотталушыға хабарлаған.

"Сотталушы өз атына заңды түрде тіркелген ИЖ-81 аңшылық мылтығын алып, оны резеңке оқпен оқтап, жәбірленушіні атқан. Денсаулығына жеңіл зиян келген. Сотталушының әрекеті ауыл тұрғындары арасында үрей туғызып, қоғамдық тыныштықтың бұзды", - дейді сот.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, мылтық кездейсоқ атылғанын түсіндірді. Болған оқиғадан кейін ол жәбірленушіні дереу ауруханаға жеткізіп, көмек көрсеткен. Ал жәбірленуші сотталушыны кешіргенін және оған ешқандай талап қойылмағанын, тараптар татуласқанын айтқан.

Сотталушының асырауында 4 кәмелетке толмаған бала мен қарт ата-анасы бар. Сот бұны жеңілдететін жайт деп қарады. Ол бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Адам қолындағы қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Жамбыл облысында дәрігерді атқан ер адам жазасын шартты түрде өтейді
Жаңалықтар
0