Жамбыл облысында дәрігерді атқан ер адам жазасын шартты түрде өтейді

© Photo : Рixabay/SkitterphotoАдам қолындағы қару
Адам қолындағы қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Жазылу
Ер адам сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданында дәрігерді атып кеткен адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Травматикалық қарудан кеудесіне оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен адам сотталды. Оқиға ерегестен басталған.
"Байзақ ауданындағы стоматологиялық емхананың алдында сотталушы мен жәбірленуші жанжалдасып қалған. Сотталушы сөмкеден атыс қаруын шығарып, жәбірленушіні кеудесінің сол жағына бір рет атып, қылмыс орнынан қашып кеткен", - деп хабарлады Байзақ аудандық соты.
Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалды: заңсыз қару сақтау және қаруды қолданып жасалған бұзақылық
"Сотталушы кінәні толық мойындап, жәбірленушімен татуласқанын және оған келтірілген залалды өтегенін көрсетті. Жәбірленуші де өзін атқан адамды кешіргенін айтып, соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады”, - дейді ведомстводағылар.
Сот үкімімен дәрігерді атқан адам Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын шартты түрде өтейді.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Астанада қыздың бөксесінен ұстаған көпбалалы әкеге үкім шықты
Жаңалықтар
0