Астанада қыздың бөксесінен ұстаған көпбалалы әкеге үкім шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
Сот бұзақыны 5 күнге қамауға алуға шешім қабылдады
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Астанада терезе жуып жатқан қыздың бөксесін сипаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық сот.
Әкімшілік іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Құқық бұзушыға ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен іс қозғалған.
"9 тамызда Астана қаласындағы клубтың жанынан өтіп бара жатып, жәбірленушіге құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған", - дейді сот.
Алты баланың әкесі кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтқан. Сот үкімімен ол 5 күнге қамалды.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2024
Бойжеткенді жәбірлеген Алматы әкімдігінің қызметкері ұсталды
Жаңалықтар
0