https://sputnik.kz/20260713/itterdi-aulada-atty-oraldagy-oqiga-turgyndardyn-narazylygyn-tudyrdy-64873409.html
"Иттерді аулада атты": Оралдағы оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды
"Иттерді аулада атты": Оралдағы оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды
Sputnik Қазақстан
Орал қаласының тұрғынын қаңғыбас ит қауып алғаннан кейін жануарларды аулау ұйымының мамандары шақырылған 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T14:27+0500
2026-07-13T14:27+0500
2026-07-13T14:27+0500
ит
бұралқы ит
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17953545_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_bfefee285970fe397eab12403ffc1e29.jpg
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Оралда аулада ит атқандардың ісіне тұрғындар наразылық білдіріп жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, бейнежазбаны балалар түсіріп алған. Онда аулада жүрген иттерді атқан ер адамды көруге болады. Оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында мектеп жанында болған.Оқиға қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті түсініктеме берді.Болған оқиғадан кейін жәбірленушінің күйеу баласы қараусыз қалған жануарларды аулау ұйымының мамандарын өз бетінше шақырған."Мамандандырылған серіктестік қызметкерлері жануарларды аулаған. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті материал жинады", - дейді облыстық полиция департаменті.Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қараусыз қалған жануарларды аулау мәселелері жергілікті атқарушы органдар мен мамандандырылған ұйымдардың құзыретіне жататынын ескертті.
https://sputnik.kz/20260506/iesiz-zhanuarlardyn-sanyn-retteuge-qatysty-zan-prezidentke-zhiberildi-63213723.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17953545_258:0:2925:2000_1920x0_80_0_0_58dc04252f87d91bd9c9449cf458d544.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, бұралқы ит
"Иттерді аулада атты": Оралдағы оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды
Орал қаласының тұрғынын қаңғыбас ит қауып алғаннан кейін жануарларды аулау ұйымының мамандары шақырылған
АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Оралда аулада ит атқандардың ісіне тұрғындар наразылық білдіріп жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Оқиғаның
бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, бейнежазбаны балалар түсіріп алған. Онда аулада жүрген иттерді атқан ер адамды көруге болады. Оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында мектеп жанында болған.
"Ойын алаңында үш мас ер адам тыныш жатқан иттерді атып тастады. Балалар олай істемеуін өтінгенімен, олар тыңдамаған. Олар барлық итті осылай ататынын айтқан", - деп жазды тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде.
Оқиға қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
"12 шілдеде "102" пультіне Орал қаласының тұрғынын қаңғыбас иттің қауып алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция инпекторы барды. Жәбірленушіге қажетті көмек көрсетіліп, Орал қаласының көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізілді", - дейді полиция.
Болған оқиғадан кейін жәбірленушінің күйеу баласы қараусыз қалған жануарларды аулау ұйымының мамандарын өз бетінше шақырған.
"Мамандандырылған серіктестік қызметкерлері жануарларды аулаған. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті материал жинады", - дейді облыстық полиция департаменті.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті қараусыз қалған жануарларды аулау мәселелері жергілікті атқарушы органдар мен мамандандырылған ұйымдардың құзыретіне жататынын ескертті.