https://sputnik.kz/20260506/iesiz-zhanuarlardyn-sanyn-retteuge-qatysty-zan-prezidentke-zhiberildi-63213723.html
Иесіз жануарлардың санын реттеуге қатысты заң президентке жіберілді
Иесіз жануарлардың санын реттеуге қатысты заң президентке жіберілді
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгеріссіз сақталады 06.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-06T12:14+0500
2026-05-06T12:14+0500
2026-05-06T12:14+0500
қабаған ит
ит
бұралқы ит
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31573965_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_7288e3ca02dd07d1b31cc79e81d63af1.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мәжіліс иесіз жануарлардың санын реттеуге қатысты заңды президентке жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін сенат заңды мәжіліске қайтарған болатын. Депутат Ерболат Сатыбалдының айтуынша, сенат енгізген бірқатар түзету нақтылаушы сипатқа ие. Атап айтқанда, иесіз жануарлардың санын реттеу тәртібі мен мерзімі жергілікті өкілді органдардың құзыретіне берілді. Бұдан бөлек, жануарларды жансыздандыру туралы шешімді ветеринариялық қорытынды негізінде қабылдау нормасы толықтырылды.Оның айтуынша, жануарларды есепке алу мәселесін нақты регламенттеу қажет. Ал чиптеу меншік құқығын растаудың негізгі әрі тиімді тетігі болуға тиіс.Осыған байланысты жануар иелерінің жауапкершілігін күшейтетін нормалар басқа заңмен бекітіледі.Ал мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бұл заңның қоғамда үлкен пікірталас тудырғанын еске салды.Айта кетері, 86 депутат заңды қолдады. Екеуі қарсы болса, тағы екеуі қалыс қалды.
https://sputnik.kz/20260425/uy-zhanuarlaryn-azaptagandardy-qylmystyq-zhauapqa-tartqan-durys--toqaev-62967027.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31573965_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_d3688030356a30f8300a191f33a3c339.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қабаған ит, ит, бұралқы ит
қабаған ит, ит, бұралқы ит
Иесіз жануарлардың санын реттеуге қатысты заң президентке жіберілді
Мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгеріссіз сақталады
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мәжіліс иесіз жануарлардың санын реттеуге қатысты заңды президентке жолдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін сенат заңды мәжіліске қайтарған болатын. Депутат Ерболат Сатыбалдының айтуынша, сенат енгізген бірқатар түзету нақтылаушы сипатқа ие. Атап айтқанда, иесіз жануарлардың санын реттеу тәртібі мен мерзімі жергілікті өкілді органдардың құзыретіне берілді. Бұдан бөлек, жануарларды жансыздандыру туралы шешімді ветеринариялық қорытынды негізінде қабылдау нормасы толықтырылды.
"Жалпы алғанда, мәжіліс қабылдаған заңның тұжырымдамасы өзгеріссіз сақталады, енгізілген түзетулер нақтылаушы сипатқа ие. Заңның тұжырымдамасы өзгермейді. Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады және оны сенат қолдады",-деді Сатыбалды мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, жануарларды есепке алу мәселесін нақты регламенттеу қажет. Ал чиптеу меншік құқығын растаудың негізгі әрі тиімді тетігі болуға тиіс.
"Қарапайым тілмен айтқанда, егер жануар есепке алынбаса – оның иесін анықтау мүмкін емес, ал иесі анықталмаса, жауапкершілік те болмайды", - деп атап көрсетті Сатыбалды.
Осыған байланысты жануар иелерінің жауапкершілігін күшейтетін нормалар басқа заңмен бекітіледі.
Ал мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бұл заңның қоғамда үлкен пікірталас тудырғанын еске салды.
"Анау "битке өкпелеп, тонын отқа жағыпты" деген бар еді. Итке өкпелеп, Еділ Терекбайұлы да біраз жерге барды (күлді). Бірақ заңды екі палата да қабылдады. Сондықтан бұл мәселе бойынша дискуссияны тоқтатқан дұрыс", - деді спикер.
Айта кетері, 86 депутат заңды қолдады. Екеуі қарсы болса, тағы екеуі қалыс қалды.