https://sputnik.kz/20260713/eaeo-elderi-energiya-unemdeu-bagytynda-aytarlyqtay-ilgeriledi--arzybek-qozhoshev-64861697.html
ЕАЭО елдері энергия үнемдеу бағытында айтарлықтай ілгеріледі – Арзыбек Қожошев
ЕАЭО елдері энергия үнемдеу бағытында айтарлықтай ілгеріледі – Арзыбек Қожошев
Sputnik Қазақстан
ЕЭК министрі салада туындаған сын-қатерлерге ұйымның бес мемлекеті қалай жауап беріп жатқанын баяндады 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T14:15+0500
2026-07-13T14:15+0500
2026-07-13T14:15+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50212109_0:61:1401:849_1920x0_80_0_0_9feae9aa682843219e79749cdf5f291d.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері жаңартылатын энергия көздері мен энергия үнемдеу бағытында айтарлықтай ілгеріледі. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен 2026 жылғы Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форумға қатысқан Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев мәлімдеді.Министр шетелдік әріптестеріне ЕАЭО елдерінде энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ ол бизнес-модельдердегі, экономикалық байланыстардағы және энергетикалық ресурстарды жеткізу логистикасындағы өзгерістерге байланысты туындаған сын-қатерлерге ЕАЭО-ның бес мемлекеті қалай жауап беріп жатқанын баяндады.Оның пікірінше, бұл үдерісте энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын төмендетуге арналған бағдарламаларды әзірлеуге, түрлі салаларда энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге және энергия жинақтау жүйелерін дамытуға ерекше мән берілуге тиіс.Арзыбек Қожошев Еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын тиімді пайдаланудың маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл үйлестірілген энергетикалық саясат жүргізуді және энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыруды қамтиды.
https://sputnik.kz/20260710/zhi-turizm-zhane-alayaqtyqqa-qarsy-kureske-arnalgan-standarttar-azirlenip-zhatyr-64818699.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50212109_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_f9fcb5f0404de74cb1745c91c9c1a2bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдері энергия үнемдеу бағытында айтарлықтай ілгеріледі – Арзыбек Қожошев
ЕЭК министрі салада туындаған сын-қатерлерге ұйымның бес мемлекеті қалай жауап беріп жатқанын баяндады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері жаңартылатын энергия көздері мен энергия үнемдеу бағытында айтарлықтай ілгеріледі. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен 2026 жылғы Тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейлі саяси форумға қатысқан Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев мәлімдеді.
Министр шетелдік әріптестеріне ЕАЭО елдерінде энергетика саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жан-жақты мәлімет берді. Сондай-ақ ол бизнес-модельдердегі, экономикалық байланыстардағы және энергетикалық ресурстарды жеткізу логистикасындағы өзгерістерге байланысты туындаған сын-қатерлерге ЕАЭО-ның бес мемлекеті қалай жауап беріп жатқанын баяндады.
"Мұндай жағдайда ЕАЭО үшін энергия теңгерімін әртараптандырудың маңызы ерекше артып отыр. Дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінің экономикалық тұрғыдан тиімді арақатынасын табу, қазба отынға тәуелділікті азайту, сондай-ақ атом энергетикасын, гидроэнергетиканы және жаңартылатын энергия көздерін энергетикалық жүйеге белсенді түрде енгізу қажет", – деді Арзыбек Қожошев.
Оның пікірінше, бұл үдерісте энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын төмендетуге арналған бағдарламаларды әзірлеуге, түрлі салаларда энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге және энергия жинақтау жүйелерін дамытуға ерекше мән берілуге тиіс.
"ЕАЭО-да бұл бағыттарды табысты дамытуға барлық жағдай мен мүмкіндік бар. Соңғы жылдары біз жаңартылатын энергия көздері мен энергия үнемдеу саласында айтарлықтай ілгеріледік", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Арзыбек Қожошев Еуразиялық экономикалық интеграцияның артықшылықтарын тиімді пайдаланудың маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл үйлестірілген энергетикалық саясат жүргізуді және энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыруды қамтиды.