https://sputnik.kz/20260713/birinshi-zhartyzhyldyqta-ishki-zhalpy-onim-kolemi-41-payyzga-osti-64873961.html
Бірінші жартыжылдықта ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өсті
Бірінші жартыжылдықта ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өсті
Sputnik Қазақстан
Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T14:39+0500
2026-07-13T14:39+0500
2026-07-13T14:39+0500
жіө
экономика
https://sputnik.kz/img/899/80/8998042_96:0:2500:1352_1920x0_80_0_0_bbe8e33c53cf489ebedda8fb2cd681b3.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов президентке баяндады, деп хабарлайды Ақорда.Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты.Олжас Бектенов сондай-ақ ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді.Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады.Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады. Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.
https://sputnik.kz/20260410/biyl-qazaqstanda-zhio-osimi-55-payyzdan-kem-bolmaydy---eadb-bolzhamy-62561170.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/80/8998042_427:0:2230:1352_1920x0_80_0_0_70b0c1bd2fe8acc8cff0925a75079b8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жіө, экономика
Бірінші жартыжылдықта ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өсті
Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов президентке баяндады, деп хабарлайды Ақорда.
Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты.
"Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды", - деді премьер.
Олжас Бектенов сондай-ақ ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді.
Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады.
Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты.
"Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды. Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді", - деп жазылған хабарламада.
Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады. Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.