https://sputnik.kz/20260410/biyl-qazaqstanda-zhio-osimi-55-payyzdan-kem-bolmaydy---eadb-bolzhamy-62561170.html
Биыл Қазақстанда ЖІӨ өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды - ЕАДБ болжамы
Биыл Қазақстанда ЖІӨ өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды - ЕАДБ болжамы
Sputnik Қазақстан
Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді 10.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-10T18:08+0500
2026-04-10T18:08+0500
2026-04-10T18:11+0500
банк
президент
экономика
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62560839_0:8:1281:728_1920x0_80_0_0_0165a21e89d995b6ca9f83289081a959.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Николай Подгузов мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктің 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырған стратегиясы аясында жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл – банктің өткен 15 жылда салған инвестициясымен парапар.Атап айтқанда, 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетика саласына, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына бағытталды. Цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.Мемлекет басшысы қаржы институты қызмет көрсететін аймақтардың айтарлықтай кеңейгенін айтып, бұл жаңа бастамаларды іске асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
https://sputnik.kz/20260402/qazaqstan-2029-zhylga-qaray-zhio-ni-450-mlrd-dollarga-deyin-zhetkizudi-zhosparlap-otyr-62369651.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62560839_29:0:1174:859_1920x0_80_0_0_4e252adb679ba074cdd949e8cdd3e042.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, президент, экономика
банк, президент, экономика
Биыл Қазақстанда ЖІӨ өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды - ЕАДБ болжамы
18:08 10.04.2026 (жаңартылды: 18:11 10.04.2026) Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Николай Подгузов мемлекет басшысына ЕАДБ болжамын таныстырды.
"Соған сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,5 пайыздан кем болмайды. Бұған инвестицияның қарқыны, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар, сондай-ақ ішкі сұраныс пен әлеуметтік көрсеткіштердің тұрақтылығы әсер етеді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктің 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырған стратегиясы аясында жалпы инвестиция көлемі 9,2 миллиард долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар қаржы құйылды. Бұл – банктің өткен 15 жылда салған инвестициясымен парапар.
Атап айтқанда, 2,1 миллиард доллар өнеркәсіпті дамытуға, 1 миллиард доллар энергетика саласына, 1 миллиард доллар көлік инфрақұрылымына, 1,1 миллиард доллар қаржы секторына бағытталды. Цифрландыруды дамытуға және жасанды интеллект технологиясын енгізуге айрықша мән беріліп отыр.
Мемлекет басшысы қаржы институты қызмет көрсететін аймақтардың айтарлықтай кеңейгенін айтып, бұл жаңа бастамаларды іске асырып, өңірлік экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.