https://sputnik.kz/20260712/baiqymyz-2026-astanada-otken-festivalde-56-tonna-qymyz-taratyldy--64850807.html
BaiQymyz-2026: Астанада өткен фестивальде 56 тонна қымыз таратылды
BaiQymyz-2026: Астанада өткен фестивальде 56 тонна қымыз таратылды
Sputnik Қазақстан
Фестиваль аясында екі күн бойы суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді 12.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-12T10:01+0500
2026-07-12T10:01+0500
2026-07-12T10:13+0500
қымыз
астана
ресей
көрме
этноауыл
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0c/64850899_0:0:1082:610_1920x0_80_0_0_6c1cfd8797fcd8ea622d5f2c6c737270.jpg
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі Астанада өтті. BaiQymyz-2026 фестивалінде 56 тонна қымыз таратылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік. Таңғы сағат 09:00-ден бастап "Қазанат" ипподромы іс-шараның басты алаңына айналды. Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – 56 тонна қымыз таратылды. Бұл көрсеткішті Қазақстанның жаңа жетістігі ретінде Қазақстанның рекордтар кітабы КИнЭС-ке енгізу жоспарланып отыр. BaiQymyz-2026 аясындағы басты оқиғалардың бірі – ASIA KOKPAR LEAGUE және ER QANATY ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық ат спорты шоуы. Бағдарламаға жылқы шеруі, көкпар, шөген, аударыспақ жарыстары, жауынгерлік аттардың көрсетілімі, кәсіби шабандоздардың өнері және ат үстіндегі квиддич енгізілген. Ең көп күтілген шаралардың бірі – BaiQymyz Qoshaqan балалар родеосы болса, фестивальдің екінші күні жас шабандоздар арасында конкурс жарысы өтті. Кешке фестиваль қонақтарына арнап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт болды.
https://sputnik.kz/20260711/qyrgyzstan-men-yakutiyanyn-qymyz-ondirushileri-baiqymyz-2026-festivaline-keldi-64844391.html
астана
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/0c/64850899_72:0:1032:720_1920x0_80_0_0_bf430924953e756e9d9092b849b62365.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қымыз, астана, ресей, көрме, этноауыл
қымыз, астана, ресей, көрме, этноауыл
BaiQymyz-2026: Астанада өткен фестивальде 56 тонна қымыз таратылды
10:01 12.07.2026 (жаңартылды: 10:13 12.07.2026) Фестиваль аясында екі күн бойы суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі Астанада өтті. BaiQymyz-2026 фестивалінде 56 тонна қымыз таратылды, деп хабарлайды
қалалық әкімдік. Таңғы сағат 09:00-ден бастап "Қазанат" ипподромы іс-шараның басты алаңына айналды. Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – 56 тонна қымыз таратылды. Бұл көрсеткішті Қазақстанның жаңа жетістігі ретінде Қазақстанның рекордтар кітабы КИнЭС-ке енгізу жоспарланып отыр.
"Еліміздің әр өңірінен және Ресей Федерациясынан келген 59 қымыз өндіруші "Үздік қымыз өндіруші" атағы үшін сынға түсті. Фестиваль аясында екі күн бойы этноауылдар, суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
BaiQymyz-2026 аясындағы басты оқиғалардың бірі – ASIA KOKPAR LEAGUE және ER QANATY ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық ат спорты шоуы. Бағдарламаға жылқы шеруі, көкпар, шөген, аударыспақ жарыстары, жауынгерлік аттардың көрсетілімі, кәсіби шабандоздардың өнері және ат үстіндегі квиддич енгізілген.
Ең көп күтілген шаралардың бірі – BaiQymyz Qoshaqan балалар родеосы болса, фестивальдің екінші күні жас шабандоздар арасында конкурс жарысы өтті. Кешке фестиваль қонақтарына арнап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт болды.