https://sputnik.kz/20260711/qyrgyzstan-men-yakutiyanyn-qymyz-ondirushileri-baiqymyz-2026-festivaline-keldi-64844391.html
Қырғызстан мен Якутияның қымыз өндірушілері BaiQymyz-2026 фестиваліне келді
Қырғызстан мен Якутияның қымыз өндірушілері BaiQymyz-2026 фестиваліне келді
Sputnik Қазақстан
Фестиваль аясында салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" байқауы өтіп жатыр 11.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-11T15:51+0500
2026-07-11T15:51+0500
2026-07-11T15:51+0500
қымыз
қымызмұрындық
астана
этнофестиваль
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:853:3280:2698_1920x0_80_0_0_8828e0a2ae671c108dbbb51e3f742fa0.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астанадағы "Қазанат" ипподромында екі күнге созылатын BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Фестивальге Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 60-тан астам қымыз өндіруші, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресейдің Якутия Республикасынан келген қатысушылар жиналды.Фестиваль аясында қонақтарға ұлттық тағамдарды әзірлеуге арналған аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары, "Үздік қазы" байқауы, көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, дәстүрлі садақ атудан жарыстар, сондай-ақ "Қой көтеру", "Жілік сындыру", шөген ойыны, ат үстіндегі квиддич, жауынгерлік жылқылардың көрсетілімі, ER QANATY жылқыларының шеруі және ат үсті өнері шеберлерінің қойылымдары ұсынылады.Сонымен қатар фестиваль аясында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" байқауы өтіп жатыр. Оның қорытындысы 12 шілдеде жарияланады.Бас сахнада Sadraddin, Қазыбек Құрайыш, Ғазизхан Шекербек, "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі, Жұбаныш Жексен, Қайрат Баекенов пен Format тобы, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және басқа да әншілер өнер көрсетеді.Фестивальге кіру үшін бір күнге немесе екі күнге билет сатып алу қажет. Ал зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.
https://sputnik.kz/20260607/qarqaralyda-eldegi-en-uzdik-qymyz-anyqtaldy-63972376.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/229/62/2296277_0:802:3280:3262_1920x0_80_0_0_a4b46945e05a8db1b0ca39bb6f067140.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қымыз, қымызмұрындық, астана, этнофестиваль
қымыз, қымызмұрындық, астана, этнофестиваль
Қырғызстан мен Якутияның қымыз өндірушілері BaiQymyz-2026 фестиваліне келді
Фестиваль аясында салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" байқауы өтіп жатыр
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Астанадағы "Қазанат" ипподромында екі күнге созылатын BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестивальге Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 60-тан астам қымыз өндіруші, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Ресейдің Якутия Республикасынан келген қатысушылар жиналды.
"Келушілер қымыздың әртүрлі түрінен дәм татып, оны дайындау дәстүрімен танысып, үздік өндірушілер анықталатын халықаралық байқауды тамашалай алады", - деп жазылған хабарламада.
Фестиваль аясында қонақтарға ұлттық тағамдарды әзірлеуге арналған аспаздық шоулар мен шеберлік сабақтары, "Үздік қазы" байқауы, көкпар, бәйге, аударыспақ, қыз қуу, дәстүрлі садақ атудан жарыстар, сондай-ақ "Қой көтеру", "Жілік сындыру", шөген ойыны, ат үстіндегі квиддич, жауынгерлік жылқылардың көрсетілімі, ER QANATY жылқыларының шеруі және ат үсті өнері шеберлерінің қойылымдары ұсынылады.
Сонымен қатар фестиваль аясында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған "Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026" байқауы өтіп жатыр. Оның қорытындысы 12 шілдеде жарияланады.
Бас сахнада Sadraddin, Қазыбек Құрайыш, Ғазизхан Шекербек, "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі, Жұбаныш Жексен, Қайрат Баекенов пен Format тобы, Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина және басқа да әншілер өнер көрсетеді.
Фестивальге кіру үшін бір күнге немесе екі күнге билет сатып алу қажет. Ал зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін.