"8 айлық баласы бар": Жетісу облысында 19 жастағы әйел анасымен бірге қамауға алынды

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2026
Жазылу
Күдікке екі әйел ілінген, бірі – анасы, бірі – қызы
АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Жетісу облысында 19 жастағы жалғызбасты ана мен оның шешесі қамауға алынды. Оларға аса ірі мөлшердегі бопсалау фактісі бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде күдіктілердің туыстары видео жариялап, көмек сұрады. Айтуларынша, 19 жастағы әйелдің 8 айлық баласы бар.

"Анасы қамауда отырғандықтан бала нәр тартпады. Шешем баласын көтеріп жүр, өзінің денсаулығы жоқ. РОВД-ның алдында тұрмыз, ешкім кіргізбейді. Не істеуге болады, көмектесіңіздерші. Мынау не сұмдық. Түнгі сағат екіден бастап бәріміз жүрміз, жедел жәрдем шақыртып жатырмыз", - дейді күдіктіледің туыстары.
Туыстарының айтуынша, қыз баланың әкесімен кездесуге барған. Одан көмек ретінде 25 млн теңге сұраған. Бірақ ақшаның орнына қызды полиция ұстапты.
Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Полиция аса ауыр қылмыстар санатына жататын аса ірі мөлшердегі бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін талап етілген 25 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты алу кезінде екі күдікті әйел қылмыс үстінде ұсталды", - дейді полиция.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау мәселесі сотта қаралатын болады, дейді Жетісу облысының полиция департаменті.
Жетісу облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Егінбаевтың хабарлауынша, ұсталған әйелдің сәбиі әжесінің қарауына берілген.

"Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, сәби мен анасының бірге болу мүмкіндігіне қатысты құқықтық тетіктерді қарастыру қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірілді. Бұл ретте қабылданатын шешімдер ең алдымен баланың мүддесі мен қауіпсіздігі қағидаттарына негізделуі тиіс", - деді ол.
Өрттен қорқып секіріп кеткен: Павлодарда бойжеткен қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Өрттен қорқып, секіріп кеткен: Павлодарда бойжеткен қайтыс болды

Жаңалықтар
0