Өрттен қорқып, секіріп кеткен: Павлодарда бойжеткен қайтыс болды

© Photo : Sergek GroupӨрттен қорқып секіріп кеткен: Павлодарда бойжеткен қайтыс болды
Өрттен қорқып секіріп кеткен: Павлодарда бойжеткен қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққан
АЛМАТЫ, 17 маусым - Sputnik. Павлодарда пәтерде өрт болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
12 маусым сағат 03:55-те бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болған.

"20 шаршы метр аумақта үйдегі заттар, жиһаз және терезе жақтауы жанған. Өрт 04:16-да оқшауланып, 04:22-де толығымен сөндірілді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабаттан екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
"Екі ересек адам ауруханаға жатқызылды, олар уланып қалған. Сондай-ақ 2003 жылы туған қыз зардап шекті, ол өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін өзін-өзі құтқаруға тырысып, екінші қабаттың терезесінен секірген", - дейді өрт сөндірушілер.
Дәрігерлердің айтуынша, бойжеткенді құтқару мүмкін болмаған.

"Науқас 12 маусымда сағат 04:25-те №3 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық шараларға қарамастан, сағат 05:50-де қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберіледі", - дейді облыстық полиция департаменті.

Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Үш баланың өмірін жалмаған өрт: тірі қалған науқастың жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0