https://sputnik.kz/20260711/ministrlik-zeynetaqy-zhinagy-kepildigin-alyp-tastauga-qatysty-tusinikteme-berdi-64841086.html
Министрлік зейнетақы жинағы кепілдігін алып тастауға қатысты түсініктеме берді
Министрлік зейнетақы жинағы кепілдігін алып тастауға қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде бұл норма кеңінен талқыланып жатыр 11.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-11T16:29+0500
2026-07-11T16:29+0500
2026-07-11T16:29+0500
зейнетақы жинағы
кепілдік беру жүйесі
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60258026_0:89:3072:1817_1920x0_80_0_0_d9b44459814a9921cc9d49f488f0ea89.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинағы бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты норма кеңінен талқыланып жатыр. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ведомство мемлекеттік кепілдік институты азаматтардың өз зейнетақы жинағын инвестициялау стратегиясына дербес ықпал ету мүмкіндігі болмаған кезеңде енгізілгенін атап өтті.Министрліктің мәліметінше, басқарушыны өз қалауымен таңдаған салымшы күтілетін табыстылықты, тәуекелдерді және активтерді басқару шарттарын өзі бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды. Мұндай жағдайда салымшының өзі қабылдаған инвестициялық шешімдердің нәтижесі үшін мемлекетке өтемақы төлеу міндетін жүктеу мемлекеттік ресурстарды әділ пайдалану қағидаттарына сәйкес келмейді.Сонымен бірге ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинағының сақталуына қатысты жауапкершіліктен бас тартатынын білдірмейді. Зейнетақы активтерін басқару жүйесі бұрынғыдай көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда болады.
https://sputnik.kz/20260708/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-zhinaqtaryn-investitsiyalay-alady-64754350.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60258026_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_3502af9b455076c694eb8d9a7f02634e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, кепілдік беру жүйесі
зейнетақы жинағы, кепілдік беру жүйесі
Министрлік зейнетақы жинағы кепілдігін алып тастауға қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде бұл норма кеңінен талқыланып жатыр
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та 2003 жылдан бері қолданылып келген зейнетақы жинағы бойынша мемлекеттік кепілдікті алып тастауға қатысты норма кеңінен талқыланып жатыр. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ведомство мемлекеттік кепілдік институты азаматтардың өз зейнетақы жинағын инвестициялау стратегиясына дербес ықпал ету мүмкіндігі болмаған кезеңде енгізілгенін атап өтті.
"Мемлекет инвестициялық саясатты айқындап, салымшылардың өз қаражатын басқару құқығын шектегендіктен, нақты инвестициялық табыстылық пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алған болатын. Қазіргі таңда салымшыларға инвестициялық басқарушы компанияны және инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау құқығы берілгендіктен, мемлекеттік кепілдіктің бастапқы құқықтық әрі экономикалық негіздемесі өзектілігін жоғалтады", - деп жазылған хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, басқарушыны өз қалауымен таңдаған салымшы күтілетін табыстылықты, тәуекелдерді және активтерді басқару шарттарын өзі бағалап, инвестициялық шешімді дербес қабылдайды. Мұндай жағдайда салымшының өзі қабылдаған инвестициялық шешімдердің нәтижесі үшін мемлекетке өтемақы төлеу міндетін жүктеу мемлекеттік ресурстарды әділ пайдалану қағидаттарына сәйкес келмейді.
"Сонымен қатар мемлекеттік кепілдік біржолғы өтемақы сипатында берілетінін және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етпейтінін ескерген жөн. Сондықтан аталған кепілдіктің сақталуы зейнетақымен қамсыздандырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылмайды", - деп түсіндірді мамандар.
Сонымен бірге ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің зейнетақы жинағының сақталуына қатысты жауапкершіліктен бас тартатынын білдірмейді. Зейнетақы активтерін басқару жүйесі бұрынғыдай көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда болады.