https://sputnik.kz/20260708/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-zhinaqtaryn-investitsiyalay-alady-64754350.html
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын инвестициялай алады
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын инвестициялай алады
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік кодекске "Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері" атты жаңа бап енгізілді 08.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-08T14:17+0500
2026-07-08T14:17+0500
2026-07-08T14:17+0500
зейнетақы қоры
салымшы
инвестициялау
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы активтерін басқару тәртібін өзгертетін заңға қол қойды. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарына арналған инвестициялық портфельді өз бетінше таңдап, қаражатының басқаруға берілетін бөлігін өздері айқындай алады.Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне "Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері" атты жаңа бап енгізілді. Ол зейнетақы жинақтарын салымшы таңдаған инвестициялық портфельді басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігін бекітеді.Жаңа ережелер:Ол үшін азамат БЖЗҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтініш беріп, зейнетақы активтерін орналастырудың өзіне қолайлы нұсқасын көрсетуі қажет.Қазақстандықтарға инвестициялаудың үш стратегиясы ұсыныладыЗаңға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар зейнетақы активтеріне арналған бірнеше инвестициялық портфель түрін қалыптастыра алады.Азаматтарға үш нұсқа ұсынылады:Салымшылар бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді өз бетінше таңдап, сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін де өздері айқындай алады.Мұндай инвестициялық портфельдерді қалыптастыру тәртібін қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
https://sputnik.kz/20260619/zeynetaqy-zhuyesin-zhangyrtu-boyynsha-zhumys-toby-quryldy-64238363.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қоры, салымшы, инвестициялау
зейнетақы қоры, салымшы, инвестициялау
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын инвестициялай алады
Әлеуметтік кодекске "Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері" атты жаңа бап енгізілді
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы активтерін басқару тәртібін өзгертетін заңға қол қойды.
Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарына арналған инвестициялық портфельді өз бетінше таңдап, қаражатының басқаруға берілетін бөлігін өздері айқындай алады.
Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне "Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері" атты жаңа бап енгізілді. Ол зейнетақы жинақтарын салымшы таңдаған инвестициялық портфельді басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігін бекітеді.
міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларына;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жеке тұлғаларға;
ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушыларға қолданылады.
Ол үшін азамат БЖЗҚ-ға инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтініш беріп, зейнетақы активтерін орналастырудың өзіне қолайлы нұсқасын көрсетуі қажет.
Қазақстандықтарға инвестициялаудың үш стратегиясы ұсынылады
Заңға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар зейнетақы активтеріне арналған бірнеше инвестициялық портфель түрін қалыптастыра алады.
Азаматтарға үш нұсқа ұсынылады:
консервативті портфель – тәуекелі ең төмен инвестициялық стратегия;
теңгерімді портфель – табыстылық пен тәуекел арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті көздейтін стратегия;
тәуекелі жоғары портфель – жоғары табыс табу мүмкіндігі бар, бірақ тәуекелі де жоғары инвестициялық стратегия.
Салымшылар бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді өз бетінше таңдап, сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін де өздері айқындай алады.
Мұндай инвестициялық портфельдерді қалыптастыру тәртібін қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.