Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЗейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Жұмыс тобының қызметі шеңберінде сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен кеңес өтті.
© Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Совещание специальной рабочей группы по пенсионной системе в Минтруда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Жұмыс тобының қызметі шеңберінде сарапшылар мен бейінді институттар жүйені жаңғыртуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) табыс пен еңбек өтіліне қарай әлеуметтік төлемді енгізуді ұсынады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) "4+1" үлгісін ұсынды, ол бойынша жарналардың 4%-ы жеке шотқа және 1%-ы сақтандыру құрамдас бөлігіне түседі.
Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнеткерлікке шығу үшін міндетті 40 жылдық еңбек өтілін белгілеуді ұсынды.
Аталған тәсілдерді талқылауға беделді сарапшылар, оның ішінде БҰҰ жанындағы Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, сондай-ақ Болат Жәмішев, Ораз Жандосов пен Елена Бахмутова қатысып жатыр.
© Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Совещание специальной рабочей группы по пенсионной системе в Минтруда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
"Министрліктің басты басымдығы – азаматтарға зейнет жасына жеткеннен кейін ұзақ мерзімді перспективада лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алатын тұрақты әрі теңгерімді зейнетақы жүйесін қалыптастыру. Түскен барлық ұсыныстардың қаржылық негізділігі, әлеуметтік әділеттілігі және практикалық іске асырылу мүмкіндігі қарастырылады", – деп атап өтті Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Динара Қайролла.
Министрлікті айтуынша, қазіргі кезде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға индекстелді. Сонымен қатар биыл базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылды, ал 2027 жылы бұл көрсеткіш күнкөріс деңгейінің 120%-ына дейін жеткізіледі.
© Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Совещание специальной рабочей группы по пенсионной системе в Минтруда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс тобы құрылды
Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатыр. 2026 жылы олардың мөлшері қызметкер табысының 3,5%-ін құрайды, ал 2028 жылға қарай 5%-ға дейін ұлғайтылмақ.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Табыс салығы мен зейнетақы жарналары: мәжілісте бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді
Жаңалықтар
0