https://sputnik.kz/20260617/tabys-salygy-men-zeynetaqy-zharnalary-mazhiliste-biryngay-tolem-engizu-maselesi-koterildi-64186570.html
Табыс салығы мен зейнетақы жарналары: мәжілісте бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді
Табыс салығы мен зейнетақы жарналары: мәжілісте бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Мемлекет бірыңғай төлеммен түскен ақшаны әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру қоры мен бірыңғай зейнетақы қоры арасында өзі таратып отырады 17.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-17T15:58+0500
2026-06-17T15:58+0500
2026-06-17T16:06+0500
үкімет
мәжіліс
салық
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісте табыстан төленетін салықтар мен әлеуметтік төлемдердің орнына бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бүгінде бухгалтер әрбір жұмысшы үшін 7-8 түрлі төлемдерді есептеп отырады. Соның барлығы әртүрлі базаға төленеді. Осылайша, жалдамалы қызметкерлер көбейген сайын есепшінің жұмысы арта түседі. Ал кәсіпкерлер штатқа көп адам алуға асықпайды.Сол сияқты Эстония, Швеция мен Сингапур да бірыңғай төлемді енгізген, ары қарай барлық салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде таратылады."Осылайша, дамыған мемлекеттер салық жүйесін қиындатпай, төлемдерді біріктіруге, әкімшілендіруді барынша жеңілдетуге басымдық беріп отыр. Біздіңше, қазіргі міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын сақтап, қалған төлемдер – әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын біріктіру керек. Ал мемлекет бірыңғай төлеммен түскен ақшаны әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру қоры мен бірыңғай зейнетақы қоры арасында өзі таратып отырады", - деді депутат.Бейсенғалиев үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені қарастыруды ұсынды.
https://sputnik.kz/20260424/memleket-paydasyna-biyl-byltyrgyga-qaraganda-1-trln-tengege-kop-salyq-tusken-62948326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, мәжіліс, салық
Табыс салығы мен зейнетақы жарналары: мәжілісте бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді
15:58 17.06.2026 (жаңартылды: 16:06 17.06.2026) Мемлекет бірыңғай төлеммен түскен ақшаны әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру қоры мен бірыңғай зейнетақы қоры арасында өзі таратып отырады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісте табыстан төленетін салықтар мен әлеуметтік төлемдердің орнына бірыңғай төлем енгізу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бүгінде бухгалтер әрбір жұмысшы үшін 7-8 түрлі төлемдерді есептеп отырады. Соның барлығы әртүрлі базаға төленеді. Осылайша, жалдамалы қызметкерлер көбейген сайын есепшінің жұмысы арта түседі. Ал кәсіпкерлер штатқа көп адам алуға асықпайды.
"Мәселен, Грузия поскеңестік елдер арасында бірінші болып табысты реформаны іске асырды. Олар бірыңғай әлеуметтік салық пен жалақыдан аударылатын жарналарды толығымен алып тастады. Соның орнына 20 проценттік табыс салығын енгізген. Оған бәрі кіреді. Ол салықтан бөлек жұмыс беруші мен жұмысшының есебінен төленетін 2 проценттік зейнетақы аударымдары бар. Осының нәтижесінде бизнес жаппай көлеңкеден шықты", - дейді Бейсенғалиев.
Сол сияқты Эстония, Швеция мен Сингапур да бірыңғай төлемді енгізген, ары қарай барлық салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде таратылады.
"Осылайша, дамыған мемлекеттер салық жүйесін қиындатпай, төлемдерді біріктіруге, әкімшілендіруді барынша жеңілдетуге басымдық беріп отыр. Біздіңше, қазіргі міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын сақтап, қалған төлемдер – әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын біріктіру керек. Ал мемлекет бірыңғай төлеммен түскен ақшаны әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру қоры мен бірыңғай зейнетақы қоры арасында өзі таратып отырады", - деді депутат.
Бейсенғалиев үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, осы мәселені қарастыруды ұсынды.