Иран жан-жақты қорғанысқа дайын - елдің парламент спикері

© AP Photo / Vahid SalemiИран Ближний Восток Напряженность
Иран Ближний Восток Напряженность - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Жазылу
Бұған дейін Трамп атысты тоқтату режимі күшін жойғанын мәлімдеген болатын
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. АҚШ әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы меморандумды бұзатын болса, Иран толыққанды қорғанысқа көшуге дайын. Бұл туралы Иран парламентінің төрағасы әрі АҚШ-пен диалог жүргізетін ирандық делегацияның жетекшісі Мұхаммед-Багер Ғалибаф мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз ешқашан өз елімізді қорғауға дайындықты тоқтатқан емеспіз. Егер америкалықтар меморандумды бұзса, кез келген сәтте жан-жақты қорғанысқа көшуге дайын боламыз", – деді Ғалибаф нндонезилық әріптесімен кездесуде.
8–9 шілде күндері АҚШ әскері Иран аумағына бірнеше қуатты соққы жасады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл әрекетті Иранның Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге қарсы жасаған іс-қимылына жауап ретінде түсіндірді.
Өз кезегінде Иран әскері Кувейт, Бахрейн және Иорданиядағы АҚШ әскери базаларына соққы жасады.
Бұл – маусым айының ортасында әскери қимылдарды тоқтату туралы меморандумға қол қойылғаннан кейінгі Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің екінші рет ушығу жағдайы.
Сонымен қатар, бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату режимі күшін жойғанын мәлімдеді.
Авианосец USS Dwight D. Eisenhower и другие военные корабли пересекают Ормузский пролив и входят в Персидский залив - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2026
АҚШ пен Иран өзара келісімге қарамастан тағы да бір-біріне шабуыл жасады – БАҚ
Жаңалықтар
0