Бектенов "Болашақ ойындары-2026" турниріне дайындық барысын тексерді

© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к Играм будущего - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Жазылу
29 шілдеде 35 елдің спортшыларының қатысуымен "Болашақ ойындары-2026" басталады
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өтетін "Болашақ ойындары-2026" турниріне дайындық барысын тексерді.
© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к Играм будущего - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
"Болашақ ойындары-2026" (Games of the Future 2026) – дәстүрлі спорт пен цифрлық сайыстарды біріктіретін жаңа буынның фиджитал-турнирі.
Ол 29 шілде күні басталады. Жарыс Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасының 35 елінен мыңға жуық спортшының басын біріктіреді. Шет мемлекеттердің басшылары, халықаралық спорт ұйымдарының басшылығы және цифрлық индустрияның ірі көшбасшы компаниялары салтанатты ашылу рәсіміне қатысатындарын растады.
© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к Играм будущего - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, цифрлық жабдықтың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді. Турнирге қатысушылар мен қонақтарды қабылдауға арналған алаңдар дайындалды, сондай-ақ мыңнан астам адамы бар еріктілер орталығының жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қауіпсіздікке, логистикаға, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету деңгейіне ерекше назар аударылды.
"Турнир демеушілердің үлкен қолдауымен өткізілгелі отыр. Салалық ведомствоның бағалауы бойынша, іс-шараға 10 мың шетелдік турист келеді. Бұл қонақ үй, көлік және сервис салаларындағы қызметтердің дамуына айтарлықтай серпін береді", - делінген үкімет хабарламасында.
Премьер-министр турнирді өткізуге қатысы бар барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.
© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к Играм будущего - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Премьер Казахстана проверил готовность объектов Астаны к "Играм будущего"
Жарыстар 4 алаңда өтеді. Олар: "Барыс Арена" көпфункционалды мұз сарайы, "QAZAQSTAN" жеңіл атлетикалық спорт кешені, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және Beeline Arena ұлттық теннис орталығы.
Турнирге қатысушылар 8 сайыс бойынша өнер көрсетеді: фиджитал-футбол;
фиджитал-баскетбол;
фиджитал-атқыштар;
фиджитал-жекпе-жек;
фиджитал-би;
Battle Royale;
дербес компьютерлер мен мобильді құрылғылардағы MOBA (Multiplayer Online Battle Arena).
Турнирдің жалпы жүлде қоры $4 млн-нан асады. Қазақстан атынан "Болашақ ойындары-2026" турниріндегі барлық 8 сайыс бойынша 11 команда өнер көрсетеді.
Астана готовится принять Игры будущего 2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Астанада "Болашақ ойындарына" дайындық жүріп жатыр
Жаңалықтар
0