Астанада "Болашақ ойындарына" дайындық жүріп жатыр

© Photo : Пресс-служба акима АстаныАстана готовится принять "Игры будущего 2026"
Астана готовится принять Игры будущего 2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Жазылу
Турнир бағдарламасына 8 фиджитал дисциплина енгізілген
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Астанада "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық турнирін өткізу үшін дайындық жүріп жатыр.

Мультиспорттық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Елордаға 800-ден астам қатысушы келеді

Турнир бағдарламасына 8 фиджитал дисциплина енгізілген:
фиджитал-шутер (Counter-Strike 2);
компьютерлік MOBA (Dota 2);
мобильді MOBA (Mobile Legends: Bang Bang);
Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS);
фиджитал-жекпе-жек (Fatal Fury: City of the Wolves);
фиджитал-футбол (UFL);
фиджитал-баскетбол (3on3 FreeStyle);
фиджитал-билер (Just Dance).
Фиджитал форматы цифрлық әлем мен оның нақты өмірдегі баламасын біріктіреді. Мысалы, команда әуелі баскетболдың цифрлық нұсқасында бақ сынап, кейін жарысты алаңда жалғастырады.

Жарыстар елорданың ірі спорт нысандарында – "Барыс Арена", Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Жаңалықтар
0