Тоқаев Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды

© Пресс-служба президента КазахстанаТелефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Дональдом Трампом
Телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Дональдом Трампом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Президент Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.
"Президент АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйеген ішкі саяси бағдары елімізде іске асырылып жатқан "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
"Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, жақында Ақордада сенатор Стив Дейнспен, АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Серджио Гормен және Ақ үйдің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, америкалық іскерлік топ өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздерге оң баға берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Тоқаев пен Трамп не туралы сөйлескені белгілі болды
Жаңалықтар
0