Қазақстанда балық жемін өндіретін зауыттың құрылысы басталды

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда балық жемін өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды
Қазақстанда балық жемін өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде шамамен 23 мың тонна балық өсірілген
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстанда экструдирленген балық жемін өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Министрліктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобаның жылдық өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Жоба аквашаруашылық саласын дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және отандық өндірістің әлеуетін арттыруға бағытталған.
"Қазақстанда тауарлық балық өндірісі тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде шамамен 23 мың тонна балық өсірілген, оның 4 мың тоннаға жуығы – форель. Ал 2026 жылы өндіріс көлемін 64,7 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, елдегі балық шаруашылықтарының жыл сайынғы жемге деген қажеттілігі шамамен 72 мың тоннаны құрайды. Қажеттіліктің басым бөлігі отандық өндіріспен қамтамасыз етілгенімен, жоғары протеинді жем бойынша импортқа тәуелділік әлі де сақталып отыр.
Әсіресе форель мен бекіре сияқты коммерциялық маңызы жоғары балық түрлеріне арналған жоғары технологиялық жемдер әзірге Қазақстанда өндірілмейді. Жаңа зауыт осы бағыттағы сұранысты қамтамасыз етіп, аквашаруашылық кәсіпорындарын сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы бір жылда 16%-ға қымбаттады
Жаңалықтар
0