Ақмола облысында зейнеткерлерді балталап өлтірген ер адам түрмеде отырмайтын болды

© SputnikАрхивное фото топора
Архивное фото топора  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2026
Жазылу
Ол мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберілді
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Ақмола облысының Аршалы ауданында төрт адамды балталап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.
Сот мәліметінше, ер адам 2016 жылы бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, қоғамдық жұмыстарға тартылған. Ал 2022 жылы оған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі емдеу шарасы қолданылған. 2023 жылдан бері оған "параноидты шизофрения" диагнозы қойылып, психиатрдың есебінде тұрған.
Қайғылы оқиға биыл наурыз айында болған. Сотталушының телефоны істен шығып, осыған байланысты жиенімен жанжалдасқан. Жиені "102" нөміріне хабарласып, полиция шақырған.
"Алайда анасы полиция қызметкерлерінен ұлына шара қолданбауды өтінген. Полиция кеткеннен кейін ер адам жанжалды одан әрі ушықтырып, полиция шақырылғанына ашуланып, агрессия танытқан. Ол асүй балтасымен үйдегі адамдарға бірнеше рет соққы жасаған. Төрт жәбірленушінің үшеуі – зейнеткер. Салдарынан сотталушының анасы, екі қарт адам және жиені оқиға орнында көз жұмды", – делінген сот хабарламасында.
Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыс жасалған кезде ер адам "параноидты шизофрения" түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырып жүрген. Ол тергеу әрекеттеріне қатыса алмаған және сот алдында жауап беруге қабілетсіз деп танылған.
"Сот қаулысымен ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтарында көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оған мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу тағайындалды", – деп хабарлады Ақмола облыстық соты.
Қазіргі уақытта ол Алматы облысының Талғар ауданындағы қатаң оқшаулау жағдайындағы, қарқынды бақыланатын республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылған.
Сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Архивное фото топора  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жақсы өмір сүріп кетемін деп ойлаған: баласын балталап өлтірген әке сотталды
Жаңалықтар
0