Alatau City-де 53 инвестициялық жоба іске асырылады
14:57 10.07.2026 (жаңартылды: 15:12 10.07.2026)

© Photo : Портал Alatau city
Жазылу
Қаланы тиімді әрі жедел басқару мақсатында жаңа басқару органдары — Жедел комитет пен Реттеуші комиссия құрылды
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласы кеңесінің отырысы өтті. Онда "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" заңын жүзеге асыру және жаңа қаланы одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды үкімет.
Alatau City Authority бас атқарушы директоры Алишер Абдықадыров қаланың даму жоспарлары туралы баяндады. Алатаудың қазіргі бар елді мекендерінің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Олар – Ынтымақ, Қоянқұс, Жетіген, Жаңадәуір, Жаңаталап шағын аудандары.

Осы жылдың соңына дейін қаланы дамытудың 2055 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарын, жетекші халықаралық консалтингтік ARUP және BCG компанияларын тарта отырып, 2040 жылға дейінгі даму стратегиясы мен мастер-жоспарын әзірлеуді аяқтау жоспарланған.
K-Smart City, Alatau AI-Driven City және Alatau Crypto City жобаларына назар ерекше аударылды.
"K-Smart City шеңберінде пилоттық жоба ретінде Оңтүстік Кореяның тәжірибесі бойынша озық смарт-технологияларды қолдана отырып, ауданы 330 гектар болатын жерге өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан құру көзделген. Ал Alatau AI-Driven City тұжырымдамасы нақты уақыт режимінде қалалық процестерді басқару үшін цифрлық сыңарды, Big Data және жасанды интеллектіні енгізуді қарастырады", - дейді үкімет.
Alatau Crypto City бойынша токенизация және қаланың Web3-экожүйесін қалыптастыру бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады.
"Жалпы, Alatau City Authority деректері бойынша 51 мың жұмыс орны ашылатын 2 трлн теңге сомасына 53 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Негізгі жобалардың қатарында құны $1 млрд-тан асатын Iconic Complex, PepsiCo, Mars, Hyundai Green Food өндірістері, Khan Tengri Biopharma биофармацевтикалық зауыты, AutoFlight пен Joby компанияларымен бірлескен қалалық әуе мобильдігі жобалары, сондай-ақ KAIST университетінің кампусын салу жобасы бар", - дейді ведомство.
Жиын қорытындысы бойынша Alatau City Authority туралы ереже бекітілді. Қаланы тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін жедел комитет пен реттеуші комиссия құру туралы шешім қабылданды.