Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

© Ұлттық қауіпсіздік комитетіЕлден 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды
Елден 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Жазылу
7 күнде мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. ҰҚК шекара қызметі декларацияланбаған валютаны елден заңсыз алып шығуына жол бермеді, деп хабарлайды комитет.

30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекет анықталған. Нәтижесінде жалпы сомасы 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитетіЕлден 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды
Елден 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2026
Елден 636 млн теңгеден астам декларацияланбаған валютаны әкету әрекеттері тоқтатылды
"Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің "Қордай" автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары яғни 170 037 000 теңге анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
ҰҚК шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.
Пресечено 392 факта незаконного вывоза ГСМ из Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2026
Шекарада жасырын әкетілмек болған 16 мың литр жанармай тәркіленді
Жаңалықтар
0