https://sputnik.kz/20260708/zhanar-zhagarmaydy-zansyz-tasymaldaudyn-392-faktisi-anyqtaldy-64761882.html
Шекарада жасырын әкетілмек болған 16 мың литр жанармай тәркіленді
Шекарада жасырын әкетілмек болған 16 мың литр жанармай тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Көп жағдайда жанармай арнайы жабдықталған қосымша цистерналарда және көлік құралдарының жанармай бактарында заңсыз тасымалданбақ болған 08.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-08T18:09+0500
2026-07-08T18:09+0500
2026-07-08T18:16+0500
жанармай
қазақстан
сұраныс
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64760090_0:208:542:513_1920x0_80_0_0_33fcc614087dbe7d1fbf21fdc38fd2b6.jpg.webp
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда жалпы көлемі 16 мың литрден асатын жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 392 фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.Бақылау тікелей автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ көлік қозғалысы бағыттары бойынша шекара маңындағы аудандарда жұмыс істейтін мобильді топтар арқылы жүргізілген.Сонымен қатар ішкі нарықтағы жағдайға күнделікті мониторинг жасалады. Оның аясында автожанармай құю станцияларындағы отын сату көлемі мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметі талданады.Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде жүк көлігінің қосымша орнатылған багында 1,2 мың литр дизель отынын жасырын әкетпек болған жағдай анықталды.Павлодар облысында Железин ауданындағы мобильді топ "Үрілтөбе" өткізу пунктіне қарай келе жатқан жолда тауарға ілеспе құжаттары жоқ көлікті тоқтатты. Көліктен 4 мың литрден астам бензин табылды.Шекара маңындағы автожанармай құю станциялары мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметін талдау нәтижесінде 103 хронометраждық тексеру тағайындалды. Сонымен қатар басқа да бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260707/qyrgyzstan-qazaqstannan-benzin-surady-64724809.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64760090_0:157:542:564_1920x0_80_0_0_e2af421d00d3cff4e23ca20b73757c7e.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, қазақстан, сұраныс
жанармай, қазақстан, сұраныс
Шекарада жасырын әкетілмек болған 16 мың литр жанармай тәркіленді
18:09 08.07.2026 (жаңартылды: 18:16 08.07.2026) Көп жағдайда жанармай арнайы жабдықталған қосымша цистерналарда және көлік құралдарының жанармай бактарында заңсыз тасымалданбақ болған
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда жалпы көлемі 16 мың литрден асатын жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 392 фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Бақылау тікелей автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ көлік қозғалысы бағыттары бойынша шекара маңындағы аудандарда жұмыс істейтін мобильді топтар арқылы жүргізілген.
Сонымен қатар ішкі нарықтағы жағдайға күнделікті мониторинг жасалады. Оның аясында автожанармай құю станцияларындағы отын сату көлемі мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметі талданады.
"Бақылауды күшейту басталғаннан бері мобильді топтар 122 автоцистернаны тексерді. Кейбір жағдайларда сараптама жүргізу үшін отыннан сынамалар алынды", – делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде жүк көлігінің қосымша орнатылған багында 1,2 мың литр дизель отынын жасырын әкетпек болған жағдай анықталды.
Павлодар облысында Железин ауданындағы мобильді топ "Үрілтөбе" өткізу пунктіне қарай келе жатқан жолда тауарға ілеспе құжаттары жоқ көлікті тоқтатты. Көліктен 4 мың литрден астам бензин табылды.
Шекара маңындағы автожанармай құю станциялары мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметін талдау нәтижесінде 103 хронометраждық тексеру тағайындалды. Сонымен қатар басқа да бақылау шаралары жүргізіліп жатыр.