https://sputnik.kz/20260709/sqo-zhylu-magistrali-qurylysyna-650-mln-tengege-zhuyq-qarzhy-bolindi-64775566.html
СҚО жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
СҚО жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
Sputnik Қазақстан
Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады 09.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-09T09:08+0500
2026-07-09T09:08+0500
2026-07-09T09:08+0500
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199638_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_76fa088fe8b7a51f1d03dbc407df6a9b.jpg
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Қаражат Жабаев – Шәжімбаев – Новая – Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған. 2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған болатын. Бөлінген қаражатқа Петропавлдағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады.Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстап отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді.
https://sputnik.kz/20260527/ukimet-arqalyqtyn-zhylu-zhelilerin-zhangyrtuga-58-mlrd-tenge-boldi-63732288.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/1c/55199638_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5ee3f645a05c5b0331dc8cddf472ac5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет
СҚО жылу магистралі құрылысына 650 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
Қаражат Петропавлдың 30 мыңнан астам тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін магистральды жөндеуді аяқтауға бағытталады
АСТАНА, 9 шілде - Sputnik. Үкімет қаулысымен резервтен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы жылу магистралінің құрылысын аяқтауға шамамен 650 млн теңге бөлінді.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаражат Жабаев – Шәжімбаев – Новая – Алтынсарин көшелері бойындағы учаскелердегі жылу желісінің құрылысына бағытталған. 2026 жылы 1,4 шақырым демонтаждалып, жаңа жылу желілері тартылады. 2025 жылы 0,7 шақырым жылу желілері жаңартылған болатын. Бөлінген қаражатқа Петропавлдағы ұзындығы 2 шақырымнан асатын № 2 магистралін жөндеу жұмыстары аяқталады.
"Жобаны жүзеге асыру 80%-дан астам тозған магистральды ауыстыруға және 30 мыңнан астам қала тұрғынын немесе 200-ден астам көппәтерлі үй мен әлеуметтік сала нысанын жылумен қамту сенімділігін арттырады. Сондай-ақ қаланың жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетеді", - деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындықты тұрақты бақылауда ұстап отыр. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бері электр станцияларындағы 10 энергия блогына, 63 қазандық пен 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр тарату желісі жаңартылып, 420 қосалқы станция жаңғыртылды және ең көп тозған 323 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Нәтижесінде электр станциялары жабдықтарының тозу деңгейі 53%-ға, жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-ға дейін төмендеді.