https://sputnik.kz/20260527/ukimet-arqalyqtyn-zhylu-zhelilerin-zhangyrtuga-58-mlrd-tenge-boldi-63732288.html
Үкімет Арқалықтың жылу желілерін жаңғыртуға 5,8 млрд теңге бөлді
Үкімет Арқалықтың жылу желілерін жаңғыртуға 5,8 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Бөлінген қаражат екі бағыт бойынша қарастырылған 27.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-27T10:21+0500
2026-05-27T10:21+0500
2026-05-27T10:22+0500
үкімет
қостанай облысы
жылу желісі
https://sputnik.kz/img/105/11/1051154_0:80:2951:1739_1920x0_80_0_0_a64d89623958116f8de2030eddb5c129.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысының Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді.Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Бөлінген қаражат екі бағыт бойынша қарастырылған:Аталған жұмыстарды жүргізу қажеттілігі Арқалық қаласындағы жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты туындап отыр. Энергетикалық инфрақұрылым нысандарының едәуір бөлігі 1970 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан кешенді жаңартуды қажет етеді.Жылу магистралінің қалған бөлігін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау жылу желілерінің тозу деңгейін 25%-ға төмендетіп, жалпы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260515/ukimet-70-ten-astam-dari-darmek-ondiretin-zhobany-maquldady-63436611.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/105/11/1051154_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d50bd70493e2cbc9fe180e7e6c971ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қостанай облысы, жылу желісі
үкімет, қостанай облысы, жылу желісі
Үкімет Арқалықтың жылу желілерін жаңғыртуға 5,8 млрд теңге бөлді
10:21 27.05.2026 (жаңартылды: 10:22 27.05.2026) Бөлінген қаражат екі бағыт бойынша қарастырылған
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қостанай облысының Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Бөлінген қаражат екі бағыт бойынша қарастырылған:
3 млрд теңге – қаланың электр желілерін реконструкциялауға;
2,8 млрд теңге – ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға.
Аталған жұмыстарды жүргізу қажеттілігі Арқалық қаласындағы жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу деңгейінің жоғары болуына байланысты туындап отыр. Энергетикалық инфрақұрылым нысандарының едәуір бөлігі 1970 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан кешенді жаңартуды қажет етеді.
"Жылумен қамту саласында 2025 жылы Арқалық қаласының жылу желілерін жөндеуге 914 млн теңге бағытталды. Оның 645,5 млн теңгесі – Үкімет резервінен, қалғаны – облыстық бюджеттен. Бөлінген қаражат есебінен 1,6 шақырым желі жаңартылды", - деп жазылған хабарламада.
Жылу магистралінің қалған бөлігін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау жылу желілерінің тозу деңгейін 25%-ға төмендетіп, жалпы қаладағы жылумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.